Кәсіби сын мен бұқаралық сын
Бұқаралық сын қазіргі әдебиеттанудың ең аз зерттелген және жүйеленбеген саласына жатады. Дегенмен, сынның бұл саласы бүгінде қарқынды дамуда. Зерттеушілер соңғы жылдары әлеуметтік желінің ықпалы айтарлықтай күшейіп, желіде қарым-қатынастың заманауи форматтары қалыптасып, әдеби процеске әсер ететін коммуникацияның жаңа мүмкіндіктері пайда болғанын айтады. Әртүрлі әлеуметтік желілер оқырман пікірін білдіруге арналған жаңа, ашық алаңға айналды.
Бүгінде әрбір пайдаланушы оқыған кітабына пікір қалдырып, әсерімен бөлісе алады және кері байланыс ала алады. Оқырман үні – аудиторияны тартудың ең заманауи тәсілі. Әрине, мұның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бір жағынан, Интернеттегі оқырман сыны әдебиетті кез-келген әлеуметтік желі қолданушысына қолжетімді етеді, адамға өзін әдеби сыншы рөлінде сынап...