Ұлан газеті- жас ұрпақтың сенімді серігі
Қазіргі ақпараттық заманда жастарға дұрыс бағыт-бағдар беретін, олардың ой-өрісін кеңейтетін басылымдардың орны ерекше. Солардың бірі- «Ұлан» газеті. Бұл газет жас оқырмандарға арналған мазмұнды мақалаларымен, қызықты жаңалықтарымен және тәрбиелік мәні жоғары материалдарымен ерекшекеленеді. «Ұлан» газеті- тек ақпарат көзі ғана ғана емес, ол оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құрал.
Газет беттерінде білім, ғылым, мәдениет, спорт және қоғам тақырыптары кеңінен қамтылады. Әсіресе мектеп оқушыларына арналған танымдық мақалалар, түрлі кеңестер мен пайдалы мәліметтер жасөспірімдердің қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, газетте оқырмандардың өз шығармалары да жиі жарияланып тұрады. Бұл-жастарға өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен...