Алматы орталығында үлкен ағаш құлап, жолды жауып қалды
Алматыда Желтоқсан мен Қабанбай батыр көшелері қиылысында ағаш құлағады. Бұл туралы Tengri Auto редакциясына оқырман хабарлады.
ТЖМ баспасөз қызметі 16 сәуірде сағат 12:08-де кезекші-диспетчерлік қызметке шақырту түскенін хабарлады. Оқиға Алмалы ауданындағы Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған.
"Жолдың жүру бөлігіне апатты жағдайдағы ағаш құлап, жолды жауып қалды. Жолды тазарту үшін оқиға орнына жедел түрде құтқару қызметінің мамандары жіберілді", - деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта ағашты кесу және аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, тұраққа қойылған автокөліктерге зақым келмеген.