“Аузыңды жап“: “Реал“ жұлдыздары ЧЛ жартылай финалы үшін өткен матчта ұрсысып қалды
Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама беретін мюнхендік "Бавария" мен мадридтік "Реал" арасындағы кездесуде қонақтар сапындағы ойыншылар арасында қақтығыс болған.
Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор мен ағылшын жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем өзара қатты дауыс көтеріп сөйлесті.
Бұған бразилиялық ойыншының ағылшынға пас бермеуі себеп болған. Беллингем бұған наразылық білдіргенде, Винисиус оған: "Саған не керек? Аузыңды жап!" - деп айқайлаған.
???? Ойын кезінде Джуд Беллингем Вини оған пас бермегені үшін ашуланды.Сонда Вини Беллингемге: "Саған не керек? Саған не керек? Аузыңды жап", - деді.— @MPlusDeportes pic.twitter.com/uDlizRAvwz— Madrid Universal (@MadridUniversal) 15 сәуір, 2026
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчы жалпы 6:4 есебімен мюнхендік "Баварияның" жеңісімен аяқталды. "Сантьяго Бернабеудегі" алғашқы кездесуде мадридтіктер 1:2 есебімен ең аз айырмамен ұтылып қалған болатын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы
Бұл кездесуде олар үшін бәрі сәтті басталып еді. Түрік жартылай қорғаушысы Арда Гюлер бірінші минутта-ақ гол соққаннан кейін, "корольдік клубтың" жалпы жеңіске жететін мүмкіндігі бардай көрінген, бірақ мюнхендіктер неміс жартылай қорғаушысы Александр Павловичтің күшімен есепті тез теңестіріп кетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы
Кейінірек Гюлер стандартты жағдайдан екінші голын соқты, оған Харри Кейн жауап беріп, басымдықты қайтадан өз қолдарына алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы
Килиан Мбаппе есепті теңестіргенімен, "Баварияның" колумбиялық вингері Луис Диастың голынан кейін бәрі шешілді. Ал француз Майкл Олисенің соққысы бұл текетіреске нүкте қойды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы
Нәтижесінде "Бавария" матчта 4:3 есебімен (жалпы есеп 6:4) жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Мюнхендік клубтың жартылай финалдағы қарсыласы француздық ПСЖ болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы