Жастар болашағы – кітапта
Қазіргі қоғамда жас ұрпақтың болашағы жиі алаңдаушылық тудырады. Технологияның қарқынды дамуы жастардың өмір салтына айтарлықтай әсер етті: көпшілігі уақытын ұялы телефонға арнап, кітап оқуға деген қызығушылық төмендеп барады. Бұл – тек жеке мәселе емес, тұтас қоғам үшін маңызды дабыл. Кітап – білім мен тәрбиенің негізгі көзі. Қай қоғамда болсын кітап оқитын жастар елдің ертеңіне сенім ұялатады. Себебі білімді әрі ойлы ұрпақ қана мемлекетті алға жетелей алады. Сондықтан жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – тек бір буынның емес, бүкіл елдің ортақ міндеті.
Бүгінгі жастар тәуелсіз елде өсіп келеді және олардың дамуына барлық мүмкіндік жасалуда. Әсіресе білім мен...