Шаңғы спорты: А.Полторанин «Тур де Ски» жарысында бесінші орынды иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ленцерхайде мекенінде шаңғымен жүгіруден жалғасып жатқан «Тур де Ски» көпкүндік жарысының екінші кезеңінде ерлер арасындағы классикалық стильмен 30 км қашықтықта Қазақстанның маңдайалды спортшысы Алексей Полторанин бесінші орынды иеленді.