2030 жылы жасанды интеллектің әлемдік экономикаға үлесі $15,7 трлн-ға жетеді
АСТАНА. KAZINFORM – Жасанды интеллект көмегімен технологияларды дамыту экономикалық өсімге жаңа серпін береді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин Technowomen Central Asia халықаралық форумында айтты.