Бәсекеге қабілетті маман дайындаудағы ҚазҰУ-дың рөлі!
Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің танымал университеттерінің қатарында. Бұл серпіліс ҚазҰУ-дың әрбір оқытушысы мен студентіне мақтаныш сезімін ұялатады,шын мәнінде,үлкен жетістікке тағы да қадам басуға жетелейді. Университет құрылымдық тұрғыдан кешендіжаңғыртылды, нәтижеге бағдарланған басқару жүйесі және жетістіктерді рейтингтік бағалау неғұрлым тиімді және айқын көрініс табуда.Әлемнің жетекші университеттерінің үлгісі бойынша ҚазҰУ-де эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленді, жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бағдарламалар енгізілді.
Жоғары білім беру жүйесінде болашақ кәсіби мамандарды даярлау еліміздің экономикасын, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени құрылымын дамытуға және әлемдік нарықтарға интеграцияланған бәсекеге қабілетті тұлға дайындауға бағытталған сапалы білім мен саналы тәрбиеге негізделсе, қазіргі уақытта еліміздің ғылымын дамыту мақсатында студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу...