Бұрымды боксшылар лицензиялық турнирге дайындықты бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиада орталығында лицензиялық турнирге жаттығу жиындарын бастап кетті. ҚР Бокс федерациясы баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл Елдос Сайдалиннің бас бапкер ретіндегі алғашқы жаттығу жиыны.