Алматы облысында білім беру ұйымы басшылары 134 млн теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырған
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Іле ауданының 7 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.