Қазақ азаматтарының басын біріктірген басылым
Коммунистік ілімді насихаттау кеңес үкіметінің Қазақстанда атқарған алғашқы қызметтерінің бірі болды. Сонымен қатар, ұлт тілінде шығып отырған газет-журналдарды жабу және оған «ұлтшыл», «байшыл», «алашордашыл» деген айып тағу мәселелері кең етек алып, ол одан әрі өрби түсті. Ендігі уақытта осыған байланысты кеңес үкіметі бірнеше шараларды қолдануға көшті. Сол кезеңде барлық баспахана жабдықтарын толықтай қазақ өлкесін басқару бойынша әскери-революциялық комитетке өткізу жөнінде нұсқау шығару, басты назар аударатын өзекті тақырып болды. Ал жергілікті баспасөз болса, кеңес өкіметі үшін еңбекшілерді күреске аттандыру жөнінде үгіт пен насихат жəне ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиіс еді. Міне, осындай мақсатпен губерниялық революциялық комитетінің органы ретінде Семей қаласында «Қазақ...