Петропавл оқушылары жаңа мектептің суық сыныптарында оқуға мәжбүр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде жылуды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бірер күн бұрын ата-аналар жаңадан ашылған оқу орнының суықтығын айтып, шағымданған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.