Әлихан Смайылов Ертіс үстімен автокөпір салу мәселесін пысықтауды тапсырды
![Әлихан Смайылов Ертіс үстімен автокөпір салу мәселесін пысықтауды тапсырды](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/08/19/220819203410740e.jpg)
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – 2022 жылы Павлодар облысын дамытуға шамамен 134 млрд теңге қарастырылған. Оған қоса республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 23 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өткізген кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.