Астананың биылғы бюджеті нақтыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзгертулерді ескерген кездегі елорданың нақтыланған бюджеті – 867 млрд 234 млн теңге болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.