Пандемия санэпидем қызметтің айрықша маңызын айқындап берді – Ержан Байтанаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаһанды жайлаған талай эпидемиялардың бетін қайтарып, елді аман алып қалуда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің маңызы өте зор. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев әлеуметтік желідегі парақшасында сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ой бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат.