Найзағай, бұршақ, дауыл – 9 маусым күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 маусым күні Қазақстанның басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты күтіледі: найзағай, бұршақ, дауыл, жаңбыр. Еліміздің тек шығысында жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.