Жүрек пернесі күй күмбезі Тәттімбет
Тәтті күйдің атасы Тәттімбет болса керек. Олай дейтініміз, әсем сазды, ырғақты, жүрек қылын шертетін әуен Тәттімбет күйлерінде жатыр ғой. Тәттімбет туралы әлденеше қанатты сөздер, қызық аңыздар елге тарады. Арқада «Тәттімбеттің тәтті күйін, «Сарыжайлаудай» сәтті күйін, «Сылқылдақ», «Былқылдақ» сияқты бапты күйін тыңдамай, көкірек балқып, көңіл жусайма» деген сөз де бар.
Тәттімбет Қазанғапұлы осы күнгі Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының баурайында туып, өскен. Күйшінің әкесі Қазанғап орта дәулетті кісі болыпты. Жастай ән-күйге бейім өскен Тәттімбет ел арасында қадірлі, өнерлі жігіт болып өседі. Өнерлі адамды сыйлау, еркелету кеңшілігіне қолы жеткен Тәттімбет ин-күйдің қызығына беріліп, домбыраны алуан нақышпен тартатын, халық көңілін сергітіп,...