TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу барысында компанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.