18 мамырда елдің басым өңірінде жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 мамырда Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Өзге аумақтарда жаңбыр күтіледі, оңтүстік пен солтүстікте қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл, болжанады. Батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.