ҚазҰУ – зор мүмкіндіктер мекені
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті біздің елімізде жоғары білім беру жүйесінің танымал флагманы болып табылады.
Университет өзінің жоғары білім сапасымен әйгілі, халықаралық деңгейде мойындалған, әлемнің үздік университеттерінің қатарына кіреді. Университет ішінде белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, ең мықты профессорлық-оқытушылық құрам бар – бұл оны еліміздегі ең мықты ЖОО етеді.
Университет Қазақстан үшін бірегей кампусқа ие, оның аумағында қазіргі заманғы спорт кешендері, корпустар, студенттер сарайы, мұражай, жайлы жатақханалар және Орталық Азиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана бар. Университетте екі дипломды білім беру бағдарламалары қарастырылған. Бұл бағдарламаны алғаш рет дәл осы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдана бастады.
Университет беделінің жоғары болуы шетел студенттерін көптеп тартады....