МКК валютаны алып кетуге шектеуді бұзғандағы жауапкершілік туралы ескертті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шет елдік валютаны және алтын құймаларын сыртқа алып кетуге қойылған шектеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздің аумағынан шығатын азаматтарға тиісті түсіндірме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.