Алаштың алғашқы басылымдарының біріндегі қазақ ауыз әдебиеті
Халық үшін басылым қандай маңызды болса, басылым үшін халыққа ұсынатын ақпарат та сондай құнды. Қазақ тарихындағы «Түркістан уәлаяты газетінен» кейінгі екінші газет «Дала уәлаяты газеті» мұндай ақпараттардың қайнар көзі. Себебі, 1888 жылы жарық көрген бұл газет тек Патша үкіметі енгізген өзгерістерді, білім-ғылым, мәдениет, шаруашылық туралы ғана жазып қойған жоқ, қазақтың халық ауыз әдебиетінің жандануына үлкен септігін тигізді. Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер басшылық еткен бұл басылым арқылы талай талантты жандар таныла бастады, шыңдала бастады, халықтың көзін ашуға тырысты.
Басылымда жарияланған ауыз әдебиеті үлгілерінен ең бірінші тоқталатынымыз – Абай шығармалары. Абайдың екі өлеңі ең алғаш рет осы газет бетінде жарияланған. Олар:...