Швейцарияда Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті
БЕРН. ҚазАқпарат – Швейцария астанасының орталығында Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығын атап өту шеңберінде британ продюсері Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» деректі фильмінің көрсетілімі мен танымал қазақстандық суретші, ядролық қарусыздану үшін халықаралық қозғалыстың белсенді қайраткері Кәріпбек Құйықовтың «Көгілдір шұғыла» атауындағы картиналарының көрмесі болып өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.