Елбасы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.