Алакөлге жеткізетін жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 15 маусымынан бастап «Алматы - Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 2 рет жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.