Мен не үшін журналистика мамандығын таңдадым?
Адам өміріндегі ең маңыздылығы жоғары шешімдердің бірі ол – мамандық таңдау. Өз қызығушылықтарың мен жүрегің қалаған іспен өміріңді байланыстырғанға не жетсін? Абай атамыз: «Сен де бұл кірпіш дүниеде, кетігіңді тап та, бар қалан» демекші, әр адам өз өмірінде өзіне лайықты орнын тауып, мансаптық жолында, өзге ге де қол ұшын тигізуі керек. Осыған байланысты «болашақта кім боламын?» деген сұраққа көп толғанамын.
«Тіл жансызды жандандырады, әлсізге күш береді, мықтыны ойсыратады» дегендей, менің бұл мамандықты таңдауымның басты себебі өз ойымды айқын, әрі нақты жеткізе білу. Мектеп қабырғаларында болсын, өмірде болсын әділетсіздіктің орын алып жатқанын көріп, шындықты жақтайтын адам табылмағанына қапаланатынмын. Осыдан кейін өзіме...