Мемлекет басшысы Парламенттің өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуы тиіс екенін айтты - Мадина Бектенова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымындағы депутаттарының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстанның саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бетін ашты, дейді ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Мадина Бектенова.