Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған
![Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/01/13/210113220449138e.jpg)
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданындағы 60 білім ошағында 23 256 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 24 жалпы орта білім беретін мектепте 2 239 (9,6%) оқушы штаттық режимде оқытылуда. Ал, 1-4, 5, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналар өтініштері негізінде 849 кезекші топта 9 559 (41,1%) оқушы білім алуда. Ауданда үш аусымда оқытылатын мектеп жоқ, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.