Түнгі клубтар, мейрамханалар: Елордада карантин шараларын бұзған бірнеше нысан анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мониторинг топтар елорданың төрт ауданында кезекті рейд өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша карантин шараларын бұзған ондаған мейрамханалар, кафелер мен караоке-барлар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.