Жапонияда ТЖ режимі енгізілуі мүмкін
ТОКИО. KYODO NEWS-ҚазАқпарат - Жапония Токио қаласы мен көршілес үш префектурада төтенше жағдай режимін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – ел үкіметінің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қойған тағы бір шектеуі, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS-ке сілтеме жасап.