Атырау облысында он екі жаңа жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырауда емдеу мекемелеріне 12 «Уаз» маркалы жедел жәрдем көлігі табыс етілді. Автокөліктерді салтанатты жағдайда табыстау рәсіміне облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.