Әл-Фараби – Ұлы даланың Ұлық тұлғасы
2020 жылы "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толды.
Биылғы жыл Шығыстың ғұлама ғалымы, математик, астролог, музыканың теоретигі, Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына сай келген дүбірлі жыл. Ортағасырда ғылыми ой ордасының іргетасын Шығыста көтерген көсем сана иесінің толық аты-жөні - Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Азан шақыртып қойған есімі – Мұхаммед. Туған және қайтыс болған жылдары фарабитанушылар тарапынан әлі де талас тудыруда. 870-950 жылдар ортақ мәмлеге келген жуық шама. Фарабитанушы ғалымдарымыз анықтаған азын-аулақ өмірбаяндық деректерге жүгінсек, Ұлы ғұламаның туған жері – Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді-мекенінен оңтүстік-батысқа қарай жатқан сайын даланың төскейі. Өмірін түгел...