Жан жарасы жазылмаған ойшыл
Қазақтар ең бір ұлы ұлын аялай ардақтап, Абай атаған. Абай — ұлы ақын, композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері. Абай — қазақ поэзиясындағы ең бір трагедиялық тұлға.
А
Қазақтар ең бір ұлы ұлын аялай ардақтап, Абай атаған. Абай — ұлы ақын, композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері. Абай — қазақ поэзиясындағы ең бір трагедиялық тұлға. Ол — жан жарасы жазылмай кеткен ойшыл. Қазақ поэзиясын Абай тұңғыш рет терең философиялық қуатты оймен суарды. Дешті Қыпшақ даласына жаңа поэзия қамалын соғып, ой мен суреткерлік тоғысқан кенен бұлақтың тұнық көзін алғаш ашты. Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стилистикалық бағыттағы жаңа поэзия келді. Поэтиканың басты қос бағытынан, егіз тармағынан қазақ поэзиясының шалқар көкжиегі анық көріне бастап еді. Қазақ ортасында идеялық жаңа тыныстың қанаттануына Абайдай жан салған ойшыл кемде-кем, идеялық өрістің...