Қырғызстандағы жағдай: «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғалды
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бішкектегі «Ала-Тоо» орталық алаңында бүгін әртүрлі саяси партиялардың жақтастары мен көшбасшылары жиналып, басқа саяси партиялардың тараптарын құқықтық қалыпқа қайтуға шақырып, талап қойды. Алайда көп уақыт өтпей олардың арасында дау туып, мұның арты жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.