Коронавирус және жолаушылары тасымалы: Жаңа талаптар – жаңа қызмет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустық пандемия қарапайым қазақстандықтардың өміріне қатты әсер етті. Енді, елде шектеулер біртіндеп жеңілдей бастаған кезде, азаматтардың қызмет көрсету сапасына және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптары артып келеді. Карантиннің жұмсартылуы теміржол жұмысына да өз әсерін тигізді. 25 қыркүйектен бастап Қазақстан ішіндегі теміржол қатынасы толығымен қалпына келтірілді. Жолаушылар пойыздары қатаң карантин соңғы уақытқа дейін күшінде болған Атырау мен Маңғыстау облыстарына қарай да қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.