Әжемнің алақанында...
Таң арайлап ата сала, әлі ұйқының шырмауында шырмалған көзімді аша алмай жатып, әжемді іздейтінмін. Жан-жағымды жайлап, бақылап аламын да, әжемнің тұрып кеткенін сезе қойып, шын өтірігі белгісіз өз-өзімнен бақырып жылай жөнелемін. Сондағы ойым, сыртта үй тіршілігін жасап бастаған әжемді шақыру, әжем келсе мені киіндіретін, әйтпесе өзімнің киінер ойым жоқ еді. Осылайша, ақкөңіл әжемнің етегіне оратылып, шаруасына кедергі болып жүруші ем. Мен тұрғанда анам самаурын қайнатып, әжем дорбаға салынған айранын ағашқа іліп жүретін. Оразамды аша сала әжем екеуміз құрт жасауға кірісетінбіз. Маған бұның бәрі қызық әрине. Қанша тырысқаныммен дәл әжемдей құртты дайындай алмай қойғанмын. Біреуі сопақ болып қалса, енді біреуінің бас-аяғы...