"Мұндай ешқашан болмаған". Карантин кезінде кейбір дәрі-дәрмек тапшы
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы кейбір дәрі-дәрмектің тапшылығы сезіле бастаған. Қалқанша безі ауыратын адамдар шарқ ұрып дәрі іздей бастаған. Дәріханалар да "препарат" жоқ дейді. Елдегі дәрі-дәрмек жүйесін реттейтін "СК-Фармация" компаниясы 158 миллион теңге бөліп, 68 миллионына дәрі алып қойғанын айтады.