Шомановқа сөз бергенде
1948 жылы май айының аяқ кезінде Қарағанды қаласында Киров және Сталин атындағы көмір трестерінің таңдаулы кеншілерінің мәслихаты өтті. Мәслихатқа үкімет адамдары қатысты. Киров клубының кең залына кілем, көрпе төселді. Қонақтарға қазақша қонақасы берілді. Оған Ілияс, Қайып ақындар да қатысты. Әңгіме қыза келе Қайып ақын өлеңдетіп сөйледі. Ол — жиналысқа қатысып отырған құрметті шахтер, Социалистік Еңбек Ері No18 «бис» шахтасының атақты навалотбойщигі Сәкен Шомановқа қарап былай деді:
— Сәкен, тұр Отанына тарту тартып,
Өзіне үстемелі міндет артып,
«Берік серт — Сәкең серті» берген көпке
Көмірді шығаруға тағы да артық.
Атқарып талай қиын істі бастан,
Қиялап тас қамалды аттап асқан.
Сөз бердім...