Балық аулай барғанда
Тал түсте балық таңертеңгі кездей емес, аз түседі, тіпті кейде қармағыңды қаппайды да. Кеше мен балыққа таңнан барсам да, құр алақан қайттым. Бәрі Досан інішегімнің әлегі.
Қармағымды, құрт пен шегіртке салған қалбырымды қолыма алуым мұң екен, Досан: «Мен де барам», — деп жата жабысты. Ол менің жиналуымды үнсіз, ояу күтіп жатыпты. Тастап кетейін десем, жер тепкілей жылап, үйді басына көтере аңырайды. Бір жыласа, кешке дейін қоймайтын әдеті бар.. Жылағанына әрі жаным ашиды. Ол менің інім ғой.
Балыққа Досанды ертіп бардым. Таң алдындағы қараңғылық сейіліп, жұлдыз сиреген. Көкте шамшырақтай жарқырап Шолпан ғана тұр. Түніменен талассыз жауын жауса да, жер дегдіп қалыпты....