Желмая (ІІ нұсқа)
Халықтың айтуына қарағанда, Қорқыт деген аттың қойылуы кездейсоқ емес көрінеді. Қорқыт туған кезде жиналған жұрт бала орнына пішінсіз «құбыжықты» көріп, қорқып қашады. Анасы бала туғанын сезіп, пішінсіз «құбыжықтың» қабығын жарып жібергенде, жылаған баланың даусы естіледі, әлгі қорқып қашқандар қайта келіп, бұл баланың атын «Қорқыт» қою керек деседі.
Бір заманда біреулер түсінде Қорқытқа: «Қырық-ақ жыл жасайсың!» — деп аян беріп кетіпті, содан кейін Қорқыт желден жүйрік Желмаяны жазылап мініп, мәңгілік өмір іздеп шығады. Әлемнің бүкіл елдерін аралап, бәрінде де өлім бар екенін көрген соң, Сырдарияға қайтады. Желмаясын құрбандыққа шалып, өзі судың үстіне кілем төсеп отырып, Қорқыт қобызымен өмір әнін шығарыпты. осы...