Сарын (І нұсқа)
Қорқыт жиырма жасқа толғанда ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие келіп, тағы да түсінде аян береді: «Уа, Қорқыт, бұл жарық дүниеде саған қырық жыл ғұмыр маңдайыңа жазылған, одан артық жүрмейсің!» дейді. Ояна келсе түсі екен, әулиенің айтқан сөзі өңіндегідей құлағында қалып қояды.
Осыдан кейін-ақ Қорқыт қатты тіксініп, өлмеудің амалын іздеп, Желмаясына мініп, дүниені кезіп кетеді.
Күндердің бір күнінде Қорқыт дала кезіп келе жатса үпір-шүпір болып жер қазып жатқан бір топ адамға ұшырасады. «Ау, бұл қазып жатқандарың не?» — деп жөн сұраса, әлгілер: «Қорқыт әулиенің көрін қазып жатырмыз!» деп жауап береді. Мұны естіген Қорқыт Желмаясын бұрып, келесі бір...