Қазақстандағы сын-қатері көп транзит және Лондондағы "Машкевич ісі"
Осы аптада халықаралық сараптама орталығы Қазақстандағы билік транзитінің ерекшеліктері мен президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдында тұрған ішкі-сыртқы сын-қатерлерді талдап шықты. Шетел басылымдары Лондонда "алаяқтық ісі" бойынша айыпталған қазақстандық миллиардер Александр Машкевичтің қызының соты жайлы жазды.