Түркістанда Түркия инвестицияларының қатысуымен 15 жоба іске асады
![Түркістанда Түркия инвестицияларының қатысуымен 15 жоба іске асады](https://www.inform.kz/radmin/news/2019/11/13/191113200816019e.jpg)
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- 2020- 2021 жылдар аралығында Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 493,7 миллион АҚШ доллары көлемінде 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркия мемлекетінің 41 ең ірі холдингтерінің басшылары қатысқан кездесуде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.