"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан жүргізілген атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың заңдылығын тексеру жұмыстары барысында әлеуметтік қызметкерлерді алдауының бірнеше фактілері анықталды. Бұл туралы "Stan.kz" ақпарат агенттігі жазды.