ҚР БҒМ басшылығын сынаған Анар Қайырбекова ЖОО ректоры болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры болған Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.