Назарбаев "шетелдегі қашқындарды" айыптап, "ұлы табыстарымен" мақтанды
10 қазанда "Хабар" арнасы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатын көрсетті. Назарбаев эфирде "Қазақстанда қос билік бар" деген әңгімені "шетелдегі қашқындар шығарған өсек" деп атады. Назарбаевтың сөзінше, "қазақтар өз тарихында ешқашан дәл қазіргідей өмір сүрген емес. Бұл – ешкім терістей алмайтын факті".