Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі барлық мемлекеттік сатып алуды орталықтандырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі барлық қаржы мен мемлекеттік сатып алуды орталықтандырды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі талқыланған жиында аталмыш министрліктің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.