Қызылордада "қысымға ұшырадық" деп шағымданған аналар істі болды
Қызылордада "әлеуметтік мәселемізді айтқан соң қысымға ұшырадық" деген екі ана үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айыптау тарабының пікірінше, бұл әйелдер билік өкілдерінің әрекетіне байланысты "жалған ақпарат таратқан". Жалғызбасты аналар тағылған айыппен келіспейді.