Зауытбек Тұрысбеков халықаралық балалар құрылтайының қатысушыларымен кездесті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық балалар оқу-сауықтыру орталығында «Туған жер – алтын бесік» тақырыбымен өтіп жатқан халықаралық балалар құрылтайының оныншы ауысымына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.