Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмелерге тегін қатысады
Облыс оқушылары білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта мәдени қызығушылықтары мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 21 түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі. Жасөспірімдер орталығында оқушылар қобыз, жетіген, домбыра сынды аспаптарда ойнауға, эстрадалық вокалмен айналысуға дағдыланады. Сондай-ақ, орталықта жас тілшілерге арналған үйірме де бар. Онда 5-9 […]
Сообщение Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмелерге тегін қатысады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
Облыс оқушылары білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта мәдени қызығушылықтары мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында 21 түрлі үйірмелерге тегін қатыса алады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Жасөспірімдер орталығында оқушылар қобыз, жетіген, домбыра сынды аспаптарда ойнауға, эстрадалық вокалмен айналысуға дағдыланады.
Сондай-ақ, орталықта жас тілшілерге арналған үйірме де бар. Онда 5-9 сынып оқушылары сауатты жазуға, оқуға дағдыланып, ойды көркем жеткізуге үйренеді.
«Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында орталықта ІТ сынып ашылды. Аталмыш сыныпта 10 оқушы бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын үйренеді.
Сонымен қатар жасөспірімдер орталығында таэквондо, каратэ, театр студиясы сынды үйірмелерде оқушылар бос уақыттарын пайдалы өткізіп, болашақ мамандықтарын бүгіннен игере алады.
Айта кетейік, бүгінде орталықтың үйірмелеріне қатысушы 1000-нан аса бала халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардан жүлделі орындарды иеленген.
Сообщение Жамбыл облысының оқушылары 21 түрлі үйірмелерге тегін қатысады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.